Спорт

Елена Рыбакина Олимпиада финалына шыға алмады

© REUTERS / EDGAR SUЕлена Рыбакина прошла в полуфинал Олимпиады
Елена Рыбакина прошла в полуфинал Олимпиады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілер бәрі жекелеген сындардан шығып қалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде - Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Рыбакина швециялық Белинда Бенчичпен кездесті. Әлемдік рейтингте ол 12-ші орында, ал қазақстандық теннисші 20-шы орында тұр. Соған қарамастан, Рыбакина мықты қарсыласына төтеп бере білді. Бірінші сетте сәл қалып қойса да, артынан бірден 5:3 есебімен алға шықты. Алайда швециялық теннисші есеп теңестіріп қана қоймай, алғашқы сетте жеңіске жетті. Есеп – 7:6. Ал екінші сетте Рыбакина 6:4 есебімен басым түсті. Дегенмен, үшінші сетте жол беріп қойды. Спортшылар 2 сағат 44 минут ойнады. Енді, Елена Рыбакина қола жүлде үшін таласады. 

Бұған дейін Елена Рыбакина австралиялық Саманта Стосур, швециялық Ребекка Петерсон, хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын. Ал ширек финалда испаниялық теннисші Гарбинье Мугурустан басым түсті. 

Айта кетері, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілер жекелеген сындардан шығып қалған болатын. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин бүгін беларус Илья Ивашкодан ұтылды.

Осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанды.
Кешегі жұптық жарыстарда Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жапониялық жұп – Ена Шибахара мен Бен Маклахланған жол беріп қойды.

Жаңалықтар
0