Спорт

Бапкер шапалақпен екі рет ұрған: Олимпиадада түсірілген видео таралып кетті

© AFP 2024 / LOIC VENANCEЖенщина проходит неподалеку от Олимпийской деревни в Токио
Женщина проходит неподалеку от Олимпийской деревни в Токио - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Видео жарияланғаннан кейін желі қолданушылары бапкерді сынға алды. Мартине Трайдос мән-жайды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Токио Олимпиадасында түсірілген видео тарап кетті. Онда германиялық бапкер шәкіртін сілкілеп, шапалақпен екі рет ұрған, деп хабарлады LADbible сайты.

Видеодан 63 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен дзюдошы Мартине Трайдосты бапкері Клаудиу Пуса тоқтатып, бір сілкілеп алғанын көруге болады. Одан кейін екі рет шапалақпен ұрған. Ал спортшы басын бір изеп, татамиге шығады.  

​Осы видеодан кейін желі қолданушылары бапкерді сынға алды. Мартине Трайдос өз парақшасында бапкердің әрекетін түсіндірді.   

"Бұл – біздің салтымыз және менің таңдауым. Жарыстың алдында ылғи солай істегенді қалаймын. Ал бапкер мені ширату үшін қалауымды орындайды", - деп жазды Трайдос.

Айта кеткен жөн, Германия дзюдошысы іріктеу жарыстары кезінде ұтылып қалды.

Жаңалықтар
0