Спорт

Токио Олимпиадасы: әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуБекзат Нурдаулетов
Бекзат Нурдаулетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Жекпе-жекті екі рет тоқтатуға тура келді. Боксшылардың екеуі де жарақат алды. Төрешілер шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпидасында әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен кездесуде қазақстандық боксшыға қарсы ресейлік Имам Хатаев шықты. Бірінші раунда Нұрдәулетов бірнеше ауыр соққы өткізіп алды. Дегенмен есесін қайтара білді. Ал төрешілердің бәрі ресейлік спортшыға жоғары ұпай берді. Екінші раунда қазақстандық боксшы өз шабуылын үдете түсті. Соның арқасында бес төрешінің үшеуі оның өнерін жоғары бағалады. Ал үшінші раундта екеуі ашық бокстасты.

Жекпе-жекті екі рет тоқтатуға тура келді. Боксшылардың екеуі де жарақат алды. Төрешілер шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:4.

Осылайша, 23 жастағы әлем чемпионы Олимпиададағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды.

Оған дейін Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына барған жалғыз боксшы Надежда Рябец (75 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылса, Серік Теміржанов (57 келі) екінші айналымнан аса алмады. Кеше 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берді. Ал Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды.

Олимпиадада төрт боксшымыз қалды. Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген. Сондай-ақ, алдағы уақытта Әбілхан Аманқұл (75 келі) мен Қамшыбек Қоңқабаевтың (91 келіден жоғары) жекпе-жектері бар.

Жаңалықтар
0