Спорт

Токио Олимпиадасы: Жапаров мен Дениз ширек финалдан аса алмады 

© AFP 2024 / ANDREJ ISAKOVICФлаг Олимпийских Игр в Токио
Флаг Олимпийских Игр в Токио  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Жансель Дениз ұлыбританиялық Бьянка Уолкденнен ұтылды. Ал Руслан Жапаров Оңтүстік Корея спортшысы Ин Кио Донға есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық тхэквондошылар ширек финалда ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Таэквондист Руслан Жапаров на олимпийских играх в Токио-2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Спорт
Токио Олимпиадасы: Қазақстанның тхэквандо шеберлері жарыс жолын жеңіспен бастады
67 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Жансель Дениз алғашқы жекпе-жекте өзбекстандық Светлана Осипованы жеңсе де, екінші айналымда ұлыбританиялық Бьянка Уолкденнен ұтылды. Ал Руслан Жапаров (80 келіден жоғары) Оңтүстік Корея спортшысы Ин Кио Донға жол беріп қойды. Қорытынды есеп – 2:10. Осылайша қазақстандық тхэквондошылар жарыс жолынан шығып қалды. 

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанның қоржынында үш қола медаль бар. Біреуін дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алса, екеуін ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алып берді.

Жаңалықтар
0