НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық тхэквондошылар ширек финалда ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
67 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Жансель Дениз алғашқы жекпе-жекте өзбекстандық Светлана Осипованы жеңсе де, екінші айналымда ұлыбританиялық Бьянка Уолкденнен ұтылды. Ал Руслан Жапаров (80 келіден жоғары) Оңтүстік Корея спортшысы Ин Кио Донға жол беріп қойды. Қорытынды есеп – 2:10. Осылайша қазақстандық тхэквондошылар жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанның қоржынында үш қола медаль бар. Біреуін дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алса, екеуін ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алып берді.