06:11 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Токио Олимпиадасы (115)
3085 0 0

Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруден кейін 5-7 орында болған еді. Кейін серпе көтеру тәсілінен соң бірден жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде - Sputnik. Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасында қола медаль ұтып алды.

Жерлес спортшының додасын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсеткен жоқ.

Зульфия Чиншанло завоевала бронзовую медаль на Олимпиаде в Токио
© AFP 2021 / VINCENZO PINTO
Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында

Ол жұлқа көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 123 келіні басынан асырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Чиншанло 213 келі көтерді.

Филиппиндік ауыр атлет алтын медальға ие болды. Ол барлығы 224 келіні еңсерді (97+127)

Күміс қытайлық спортшыға бұйырды (223 келі: 97+126).

Айта кетері, Чиншанло құрамамыздың қоржынына үшінші медаль әкелді. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон қола медаль иеленді.

Тақырып:
Токио Олимпиадасы (115)

Тақырып бойынша

Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жеңіске жетті
"Егер оған адам шыдаса...": Елдос Сметов өміріндегі қиындықтар жайлы айтып берді
Екінші қола медаль: Токио Олимпиадасынан тағы бір жағымды жаңалық жетті
Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы медальды салды
Зульфия Чиншанло допинг дауынан кейінгі алғашқы алтын медалін жеңіп алды
Кілт сөздер:
Зульфия Чиншанло, медаль, Токио Олимпиадасы
Загрузка...

Басты тақырып