Спорт

Садақ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы командалық жарыстан шығып қалды

© REUTERS / CLODAGH KILCOYNEТренировка стрелков из лука на Олимпиаде в Токио
Тренировка стрелков из лука на Олимпиаде в Токио  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Енді қазақстандық садақшылар жеке жарыстарда медаль алу үшін сынға түседі

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Садақ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы Токио Олимпиадасындағы командалық сайысты аяқтады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2021
Спорт
Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді
1/8 финалда Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганькин Үндістан құрамасынан 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Үндістан командасы Олимпиада турнирінің жартылай финалына шығу үшін Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Енді Мұсаев, Абдуллин және Ганькин ертең басталатын жекелей сайыстарда бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасында спорттың 28 түрінен 98 лицензия бар. Әзірге Қазақстанның Олимпиада құрамасы екі қола медаль жеңіп алды – дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон жеңіс тұғырынан көрінді.

Жаңалықтар
0