Спорт

Екінші қола медаль: Токио Олимпиадасынан тағы бір жағымды жаңалық жетті

© AFP 2024 / ANDREJ ISAKOVICФлаг Олимпийских Игр в Токио
Флаг Олимпийских Игр в Токио  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2021
Жазылу
Токио Олимпиадасында ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Біріншісін Елдос Сметов ұтып алған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды.

© REUTERS / EDGARD GARRIDO Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон
Екінші қола медаль: Токио Олимпиадасынан тағы бір жағымды жаңалық жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2021
Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон

Бірінші түрінен кейін ол төртінші орында болды. Алайда кейін қажетті салмақты көтеріп, үшінші орынға тұрақтады. Барлығы 294 (131+163) келі көтерді.

Ал қытайлық Ли Фабин мен индонезиялық Юли Ираван алтын үшін таласуда.

Еске сала кетсек, сенбі, 24 шілде күні дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы медальды салды.

Қазақстан құрамасы 28 спорт түрінде 98 лицензия алған болатын.

Жаңалықтар
0