Спорт

Қуат Хамитов қарсыласын буындыру әдісімен жеңді – толық видео

© Photo : Sports.kzҚуат Хамитов
Қуат Хамитов - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2021
Жазылу
Кештің басты кешінде Хамитов украиналық файтерді бірінші раундта-ақ жеңді. Желіде жекпе-жектің толық видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-6-2) Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 аралас жекпе-жек турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Хамитов украиналық Роман Головиновпен (10-5) кездесті. Отандасымыз қарсыласын бірінші раундта буындыру әдісімен жеңді.

Қуат Хамитов үшін бұл кәсіби мансабындағы 23-ші жеңіс болса, Роман Головинов бесінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетсек, Хамитов биыл қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевпен (0-1) кездесіп, оны небәрі 49 секундта нокаутқа жіберген еді.

Жаңалықтар
0