НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мюхнхенде өткен Франция – Германия матчында парашютші футбол алаңына құлап, бірнеше адам жарақат алды.
Еуро-2020 чемпионатының топтық кезеңі аясындағы ойында күтпеген жерден көктен қонақ түсті. Матчтың басталуына санаулы минуттар қалғанда газонға парашютші қонған, деп хабарлайды gazeta.ru.
A Greenpeace activist lands at Arena Munich with a parachute prior to the UEFA EURO 2020 group F preliminary round soccer match between France and Germany in Munich 😂 pic.twitter.com/UBlvQgIvuo
— EURO 2020 (@UEFA_Euro_2021) June 15, 2021
Футболшылар мен полиция қызметкерлері ер адамға көмекке жүгірді.
Парашютте "Мұнайдан құтыл! Greenpeace!" деген жазу болған.
"Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алды, қазір олар ауруханада жатыр. Құқық қорғау органдары қажетті шаралар қабылдайды", - деп мәлімдеді УЕФА баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Greenpeace – халықаралық тәуелсіз үкіметтік емес экологиялық ұйым. 1971 жылы Канадада құрылған.
Мюнхендегі кездесуде Франция қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.
Келесі турда Франция Венгриямен ойнайды. Матч 19 маусымда өтеді. Ал Германия дәл сол күні Португалиямен кездеседі.