05:40 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1173 0 0

Бұған дейін оның қарсыласында мұндай жеңістер болған емес

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) (PFL) алғашқы кездесуін жеңіліспен аяқтады. Шетелдегі алғашқы кездесуінде ол америкалық Крис Уэйдтен ұтылды (19-6), деп хабарлайды Vesti.kz.

Алғашқы бес минутта ұпай саны тең болды. Қазақстандық тезірек қимылдап, көптеген соққы берді, алайда Крис қарсыласының мысын партер мен клинчте баса алды. Екінші раундтың басында Оспанов қарсыласын нокаутқа жіберіп, есеңгіретіп тастады. Алайда Уэйд Арманның қуатты соққыларына шыдап беріп, кейін толық қалпына келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Professional Fighters League (@pflmma)

Біраз уақыттан кейін америкалық аяғымен соққы жасады, бұл соққы қазақстандық спортшының басына келді. Сөйтіп "сұңқарлық" ауыр нокаут алды.

Крис Уэйд үшін бұл оның қатарынан екінші жеңісі. Сәуірде ол PFL-дағы маусымды Энтони Дизиді жеңіп (13-4) ашқан болатын. Бір жылдан астам уақыт алаңға шықпаған Оспанов үшін бұл оның спорттық мансабындағы төртінші және 2019 жылдың қыркүйегінен бергі бірінші жеңілісі.

Оқи отырыңыз: Екі рет нокдаун алған қазақстандық боксшы қарсыласын бір соққымен сұлатып салды

Осылайша, Крис PFL-дағы тұрақты маусымында тағы бір ұпай жинады. Енді оның сегіз ұпайы бар, ол дивизионда бірінші орынға шықты.

Кілт сөздер:
Қазақстан, нокаут, спорт
Загрузка...

Басты тақырып