23:27 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Спорт
Қысқа сілтеме алу
5210 0 0

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылуға тиіс еді, бірақ біріншіде аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Қазақстандық файтер Ринат Сағынтай (9-1) Минскіде өткен Brave CF 51 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетіп, кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліп қалды, деп жазады Sports.kz.

Ол ММА бойынша Беларусь чемпионы Денис Магермен (8-0) жекпе-жекке шықты. Ешқашан жеңілмеген Магердің бұл кездесуде мысы басым болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылуға тиіс еді, бірақ біріншіде аяқталды. Магер Сағынтайды ауыр нокаутқа жіберді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BRAVE Combat Federation (@bravemmaf)


Осылайша, Ринат Сағынтай ММА-дегі кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді.25 жастағы қазақстандық 2016 жылдан бастап жекпе-жекке шыға бастаған еді. Әрі бұл оның Brave CF промоушынындағы алғашқы кездесуі болды. Ал Денис Магер сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, ешқашан жеңілмеген деген атағын сақтап қалды.

 

Кілт сөздер:
видео
Загрузка...

Басты тақырып