Спорт

Шардара қол күресшілері әлем құрамасын айқын басымдықпен жеңді

© Photo : СС0 / Ryan McGuireАрмрестлинг
Армрестлинг - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Сайыста әлем құрамасы сапында Ресей, Грузия, Латвия, Украина, Өзбекстан елдерінен кіл мықтылар бақ сынады

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Түркістан облысында қол күресінен "Шардара Армспорт vs Әлем құрамасы" арасында дүбірлі дода өтті, деп хабарлады prosports.kz.

Аталған сайыста әлем құрамасы сапында Ресей, Грузия, Латвия, Украина, Өзбекстан елдерінен кіл мықтылар - әлем, Еуропа, Азия чемпиондары бақ сынады.

Алғашқы 57 келі салмақта Шардара Армспорт құрамасының спортшысы Нұрмахан Ердәулет ресейлік спортшы Ахмат Айбазовқа қарсы тұрып, 5-0 есебімен жеңіске жетті.

Келесі 70 келі салмақта Шардара Армспорт құрамасының спортшысы Қадір Нұрдәулет пен грузиялық спортшы Вилени Габрава арасында өткен сайыста қазақстандық спортшы 4-1 есебімен жеңіске жетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

78 келі салмақта бақ сынаған Шардара Армспорт құрамасының спортшысы Айдархан Нұрдәулет украиналық қарсыласы Роман Мантиканы 5-0 есебімен тізе бүктіріп, тағы бір жеңіс сыйлады.

86 келі салмақта әлемге "ең жылдам" атымен танымал болған Талғат Ақтаев латвиялық спортшы Владислав Красовскийге қарсы бақ сынады. 5 раундтық кездесудің нәтижесі бойынша Ақтаев 4-1 есебімен жеңіске жетіп, өз мықтылығын тағы бір рет мойындатты.

95 келіде Шардара Армспорт құрамасының өкілі Қаржау Есболат  Өзбекстан елінің спортшысы Жасур Алиакберовты 4-1 есебімен жеңді.

Жаңалықтар
0