22:40 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Спорт
Қысқа сілтеме алу
103 0 0

Бокс федерациясының президенті спортшылар Қазақстанның бокс державасы екенін тағы бір рет дәлелдегенін айтып өтті

АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik. Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатында медаль саны бойынша алға шықты. Қазақстан турнирде сегіз алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан бокс федерациясының ақпаратына сәйкес, Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева алтын алды. Ал Владислава Кухта күміс медаль, Марина Вольнова қола медаль алды.

Осылайша Қазақстан құрамасынан финалға өткен 10 спортшы да елге медальмен оралмақ.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев ұлттық құраманы тарихи жеңісімен құттықтады.

"Біз Қазақстанның бокс державасы екенін тағы да дәлелдедік!", - деп атап өтті ол.

Федерация президентінің айтуынша, сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралған соң сыйақы алады. Азия чемпиондары 10 мың, күміс жүлдегерлер 5 мың, қола жүлдегерлер 2,5 мың доллардан алады.

Загрузка...

Басты тақырып