23:47 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Спорт
Қысқа сілтеме алу
4682 0 0

Қазақстандық боксшы үш салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Юриоркис Гамбоамен спарринг өткізді

АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы спарррингтерінің бірінде түсірілген видеоны жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

Спортшы видеоға не себепті жаттығу жекпе-жегінің басы ғана түсірілгенін де жазды.

"Осылай жақсы басталған спарринг еді. Гамбоаның әкесі түсіруге болмайды деп тыйым салды", - деді Елеусінов Instagram парақшасында.

Бұл жолы қазақстандық спортшының қарсыласы – үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған кубалық Юриоркис Гамбоа.

Айта кетейік, 30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада–2010 жеңімпазы, 2013 жылы Алматыда өткен әуесқой бокстан 69 келі салмақта әлем чемпионы болды.

Спортшы соңғы рет рингке 2020 жылы қарашада шықты. Ол кездесуде намибиялық боксшы Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Елеусіновке жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental чемпионы белбеуін алуға мүмкіндік берді.

Кілт сөздер:
видео, Данияр Елеусінов
Загрузка...

Басты тақырып