Спорт

Бекзат Нұрдәулетов финалда ресейлікті нокдаунға түсіріп, алтын медаль жеңіп алды – видео

© Photo : Пресс-служба Казахстанской федерации боксаЧемпион мира по боксу Бекзад Нурдаулетов
Чемпион мира по боксу Бекзад Нурдаулетов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2021
Жазылу
Нұрдәулетовтің финалдағы қарсыласы ресейлік Имам Хатаев болды. Қазақ боксшысы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов "Санкт-Петербург губернаторының кубогы-2021" халықаралық турнирінің финалында жұдырықтасты, деп хабарлады Sports.kz.

Финалда Нұрдәулетовтің қарсыласы ресейлік Имам Хатаев болды. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Нұрдәулетов жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға жіберді (видеоны төменде көруге болады).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша, қазақстандық өз салмағында турнир чемпионы атанды.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов – 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Ал Имам Хатаевқа келетін болсақ, екі рет Ресей чемпионы болды (2019, 2020), сонымен қатар студенттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті (2014).

Толық жекпе-жектің видеосы да жарияланды.

Жаңалықтар
0