Спорт

Жанқош Тұраров жекпе-жекке шықпайды – боксшы мән-жайды түсіндірді

CC0 / / Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2021
Жазылу
Жанқош Тұраров пен Тайрон Маккенна жекпе-жегі бүгін Дубайда Caesars Palace аренасында өтуі керек еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров жекпе-жекке шықпайтын болды. Ол коронавирус жұқтырған.

Қазақстандық спортшы британдық Тайрон Маккеннамен кездесу өткізіп, бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық титулын қорғауы  тиіс еді. Бірақ шоу ұйымдастырушысы, D4G Promotions промоутерлік компаниясы Жанқош Тұраровтың жекпе-жекке шықпайтынын хабарлады. Спортшының айтуынша, бұған COVID-19 індетіне шалдығуы себеп болған.

"Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. Турнирге шығар алдында міндеттелген ПТР тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үйге оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды", - деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.

Алайда боксшы ештеңеге қарамастан жаттығуын бөлмесінде жалғастырған. Оқшауланған күйде салмақ өлшеу рәсімінен өткен. Өкінішке қарай, екінші рет тапсырған ПТР-тест те оң нәтиже көрсетіпті.

"Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып турнирден шеттетілдім. Егер дәл осы диагноз болмағанда қазіргі жағдайыммен-ақ 3 раунд жеткілікті еді", - дейді спортшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Janqosh ‘JoJo’ Turarov (@zhankoshturarov)

Желідегі жанкүйерлері спортшыға қолдау білдірді. "Тезірек сауығып кетіңіз", "Жанқош, сен мықтысың", "Әлі жеңіс алда", "Ең бастысы денсаулық" деп жазды олар.

Жаңалықтар
0