Спорт

Жанқош Тұраров жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне келген жоқ

© Photo : Kokeshi75Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Қазақстандық боксшы салмақ қуу үшін қосымша уақыт сұраған. Ал Маккена таразыда 63,3 келі көрсетіп, лимиттен аспады

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) ұлыбританиялық Тайрон Маккенамен жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысқан жоқ, деп хабарлады Prosports.kz.

Боксшы салмақ қуу үшін қосымша уақыт сұраған. Ал Маккена таразыда 63,3 келі көрсетіп, лимиттен аспады. 

​Тұраров пен Маккена жекпе-жегі ертең Caesars Palace аренасында өтеді. Боксшылар бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын сарапқа салады. Қазіргі уақытта ол Тұраровқа тиесілі.

Жаңалықтар
0