Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Украинамен тең түсті

© Photo : Федерация футбола КазахстанаҚазақастан құрамасының спортшылары
Қазақастан құрамасының спортшылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Бұған дейін қазақстандықтар өз алаңында Франция құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы Қазақстан мен Украина құрамасының іріктеу матчы тең аяқталды.

Украиндық аяқ доп шебері Роман Яремчуктың голына (20-минутта) қазақстандық Серікжан Мужиков (59-минутта) дәл соққымен жауап берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынң іріктеу матчындағы алғашқы ұпайына иелік етті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN FOOTBALL FEDERATION (@kff_team)

Ал келесі іріктеу тобында кездесу өткізген Франция құрамасы Босния мен Герцеговина құрамасын 1:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар өз алаңында Франция құрамасын қабылдап, 0:2 есебімен есе жіберген болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақ баласы Роналдумен суретке түсу үшін футбол алаңына жүгіріп шықты

РИА Новости дерегіне сүйнесек, осы кезге дейін Франция (7 ұпай) мен Украина (3 ұпай) командасы үш кездесу өткізді. Ал әрқайсысы екі ойыннан өткізген Финляндия (2 ұпай), Босния және Герцеговина командасы мен Қазақстан құрамасы 1 ұпайдан жинады.

Жаңалықтар
0