Спорт

Алтынбекова спорттағы карьерасына қатысты жоспарын бөлісті

© Photo : VK/Сабина Алтынбекова Сабина Алтынбекова
Сабина Алтынбекова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Алтынбекова 2020 жылдың 4 шілдесінде италиялық "Волалто Казерта" командасының құрамына қосылды. Спортшы мен клуб арасында екі жылға келісімшарт жасалған болатын

АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарымен спорттағы карьерасына қатысты жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның хабарлауынша, Алтынбекова италиялық клубпен жасаған келісімшарт басталмай жатып аяқталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ спорттағы карьерасын жалғастыратынын айтты.

Айта кетейік, Алтынбекова 2020 жылдың 4 шілдесінде италиялық "Волалто Казерта" командасының құрамына қосылды. Спортшы мен клуб арасында екі жылға келісімшарт жасалған болатын.

"Волалта Казерта" А1 сериядағы елдің жоғарғы әйелдер лигасында ойнауы керек еді. Бірақ төленбеген айыппұл мен Италия волейбол федерациясымен (FIPAV) арадағы келіспеушілік салдарынан маусымда ойыннан шеттетілді. Соған байланысты қазақстандық спортшы құрамында бірде-бір ойынға қатыспастан, клубтан шықты.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 2020 жылдың соңында тұрмысқа шықты. Оның таңдауы продюсер Саят Тостықбаевқа түсті.

Жаңалықтар
0