19:09 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Спорт
Қысқа сілтеме алу
5327 0 0

Қазақстанның бокс федерациясы марқұмның туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтып, қайғыға ортақтасты

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Қазақстанның бокс федерациясы еңбек сіңірген бапкер Борис  Цхвирашвили қайтыс болғанын хабарлады.

"Қазақстанның бокс федерациясы отандық бокстың ардагері Борис Семёнович Цхвирашвилидің өмірден озғанын үлкен күйзеліспен хабарлайды. Бұл орны толмас қаза", - делінген ұйымның ресми сайтында.

Борис Цхвирашвили – КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері. Әзірбайжан КСР-сында бокстан бірнеше мәрте чемпион атанды. Халықаралық дәрежедегі төреші ретінде танылды. Борис Семёнович Олимпиада ойындарында төрешілік етті. 

"Ол Қазақстанның бокс федерациясының атқару комитетінің мүшесі ретінде елімізде талай рет турнир ұйымдастырған. Спорттық тәжірибесі де, ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болды. Борис Семёнович 85 жаста еді. Ол аурудан айыға алмады. Оған қоса, ұлының қазасы үлкен трагедия болды. Ардагердің жүрегі 19 наурызда тоқтап қалды", - деді федерация өкілдері.

Борис Цхвирашвили
© Photo : Казахстанская федерация бокса
Отандық бокс ардагері Борис Цхвирашвили

Қазақстанның бокс федерациясы марқұмның туған-туыстарына, жақындары және әріптестеріне көңіл айтты.

"Борис Семёнович боксты дамыту саласындағы игі істерімен, жастарда спортқа және туған еліне деген махаббат оята білуімен мәңгі жүрегімізде қалады", - делінген ресми хабарламада.

Тақырып бойынша

Аты аңызға айналған спортшы мен 13 жасар қызы қаза болды - видео
Тағы бір бокс бапкері Аманбек Досмаилов қайтыс болды
400 килограмдық зілтемірді көтермек болған спортшы екі аяғын сындырды – видео
Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді – видео
Майк Тайсон бокс тарихындағы ең ұлы боксшыны атады
Кілт сөздер:
Қазақстан, бокс
Загрузка...

Басты тақырып