20:02 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Спорт
Қысқа сілтеме алу
919 0 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгияның мамырға жоспарланған жекпе-жегі болмауы мүмкін

АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. ESPN телеарнасының журналисі Сальвадор Родригес бұған дейін 2021 жылдың мамырына жоспарланған Головкин мен Мунгия арасындағы жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін екенін айтты. Ол бұл тұжырымды мексикалық спортшымен жұмыс істейтін промоутерлік компанияның өкілімен сөйлескеннен кейін жасады.

Журналистің айтуынша, Хайме Мунгияның промоутерлік компаниясы Zanfer Promotions спортшының келесі жекпе-жегі 24 сәуірде өтеді деп мәлімдеген, деп хабарлайды Sports.kz.

Алайда спортшының қарсыласының аты аталмады. Мунгияның келесі жекпе-жегі туралы келесі аптада хабарланады.

Бұған дейін Мунгия келесі жекпе-жегін 7 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізеді деп жоспарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Головкиннің қарсыласы және жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

Журналист Сальвадор Родригестің айтуынша, Мунгияның сәуірдегі жекпе-жегі оның GGG-мен алаңға шығу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Айта кетейік, Головкин мен Мунгия 2018 жылы жұдырықтасуы қажет еді. Алайда Невада штатының комиссиясы 24 жастағы мексикалықты мұндай титулдық жекпе-жектер үшін жас деп санады.

Қазірге дейін Хайме Мунгия кәсіпқой рингте 36 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. 29 кездесуі нокаутпен аяқталды.

Кілт сөздер:
жекпе-жек, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып