Спорт

Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинҚанат Ислам
Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2021
Жазылу
Кездесуге санаулы күн қалғанда 35 жастағы Исламға қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Майамидедегі (АҚШ, Флорида) кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) мен эквадорлық Джейсон Минданың (14-3-1, 8 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық спортшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, кезекті соққысымен "Жазалаушыны" нокаутқа жіберді. 

Негізінен 35 жастағы Исламның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болуы тиіс еді. Алайда, отандасымыздың кездесуге санаулы күн қалғанда оған қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны анықталды.

Орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, Ислам жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз: "Біреуге баға беретіндей сен кімсің?" Қанат Ислам жастарға ақыл айтты

Осылайша, Қанат Ислам өзінің кәсіби мансабындағы 28-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті ал Джейсон Минда рингтен төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Жаңалықтар
0