Спорт

Sputnik логотипін әлемдегі миллиондаған футбол жанкүйері көреді

© Sputnik / Абзал КалиевРуководитель представительства МИА "Россия сегодня" в Казахстане Виктор Панов
Руководитель представительства МИА Россия сегодня в Казахстане Виктор Панов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Еуропа лигасының тарихында алғаш рет Sputnik логотипін әлемдегі миллиондаған футбол жанкүйері көреді

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ең атақты футбол клубы "Астана" жаңа маусым қарсаңында Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі және радиосымен ақпараттық өзара әрекеттестік туралы келісім жасады.

Ұлттық чемпионаттың көшбасшыларының бірі және Қазақстандағы интернет БАҚ-тың үздік үштігіне кіретін агенттік спортты насихаттап қана қоймай, сонымен қатар клубтың қызметін сапалы көрсетуді мақсат тұтып отыр.  

Подписание соглашения об информационном партнерстве между Sputnik Казахстан и футбольным клубом Астана   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Sputnik Қазақстан "Астана" футбол клубының ақпараттық серіктесі атанды
Жаңа серіктестердің кәсібилігіне күмән жоқ. "Астананың" атқарушы директоры Давид Лорияның айтуынша, "Sputnik Қазақстанда және ТМД-да өзін жаңа белестерге бірге жетуге болатын сенімді серіктес ретінде танытты".

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде және Еуропа лигасының плей-офф 1/16 финалында Қазақстанның атынан ойнаған жалғыз клубтың алға қандай міндет қойып отырғаны айтпаса да түсінікті. Ұлттық құрамадан шақыртылған ең мықты ойыншылар, әлемге танымал легионерлер, команда басшылығындағы нағыз кәсіпқой мамандар әр маусымда футбол алаңында жеңіске жетуге бел буып отыр.

"Астана" халықаралық аренада ел намысын қорғай жүріп, медиа кеңістікте де дамып келеді. Sputnik агенттігімен ынтымақтастық осы дамудың қисынды жалғасы болды. Жаңа серіктестің мультимедиялық мүмкіндіктері және заман талабына сай жабдықталған баспасөз орталығы спортты және спорттық іс-шараларды сапалы жаңа деңгейде жариялауға мүмкіндік береді, ал Sputnik қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі футбол клубын Қазақстаннан тыс жерлерде танымал етуге көмектеседі.

Біз шәкірттерімізге мүмкіндік береміз – Давид Лория "Астана" ФК-ны дамыту туралы

Жақында "Астана" тек жеңіске талпынатын ұлттық чемпионаттың кезекті маусымы басталады. Sputnik Қазақстан агенттігінің кәсіпқой командасы команда лагерінен жаңалықтар, ойыншылармен және клуб басшылығымен эксклюзивті сұхбаттар, шешуші матчтардың мәтіндік трансляцияларын, фото және видео материалдар жариялайды.

 Sputnik – 31 тілдегі мультимедиялық интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам еліндегі аналогтық және цифрлық радиохабар тарату жүйесін біріктіретін ірі халықаралық БАҚ-тың бірі. Sputnik ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде әлемнің жетекші басылымдарын тәулік бойы ақпаратпен қамтиды.  

Жаңалықтар
0