НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан — Sputnik. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайты жылдың алғашқы айындағы үздік спортшыларды анықтауға дауыс беру аяқталғанын хабарлады.
Сауалнама қорытындысы бойынша, фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшелері Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева үздік атанды.
Айдың үздігі атануға төмендегі спортшылар үміткер болған еді: Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева (фристайл-акробатика), Александр Бублик (теннис), Әсем Орынбай (стенд ату), Елизавета Безрукова (нысана көздеу), Екатерина Айдова (конькимен жүгіру), Надежда Морозова (конькимен жүгіру), Мария Овчинникова (жеңіл атлетика), Кристина Овчинникова (жеңіл атлетика).
Дауыс беру 8 ақпан күні 13.00-де аяқталып, нәтижесінде Алдабергенова мен Қалмұрзаева жұбы 68,08 пайыз дауыс жинады. Екінші орында Әсем Орынбай, үшінші сатыда Елизавета Безрукова орналасқан.