Спорт

Танымал қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағынан айырылып қалды  

© Photo : Kokeshi75Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейбіт Шүменов отыз айдан астам уақыт бойы өз титулын қорғамаған, осы себепті WBA қазақ боксшысынан чемпиондық белбеуді қайтарып алды  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) WBA Regular тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлады Prosports.kz Дүниежүзілік бокс қауымдастығына (WBA) сілтеме жасап.

Оған спортшының ұзақ уақыт бойы әрекетсіздігі себеп болды.

Шүменов рингке соңғы рет 2018 жылдың шілде айында шыққан еді.

Осы жылдың 29 қаңтарында Бейбіт америкалық Рафаэль Мерфимен Голливудта, Флоридада, АҚШ-та жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ белгісіз себептермен қазақстандық боксшы жекпе-жектен бас тартты.

Оқи отырыңыз: Садриддин Ахмедов үш титул үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті 

Бельгиялық Рияд Мерхи ауыр салмақта WBA тұрақты әлем чемпионы деп жарияланды. Ол келесі жекпе-жегін кубалық Джуниер Дортикосқа қарсы өткізуі керек.

"WBA шешімі ішкі ережелерге негізделді. Шүменов WBA-дан өзіне берілген көптеген мүмкіндікті пайдалануға өтініш білдіргенімен, отыз айдан астам уақыт бойы өз титулын қорғамады. Осы себепті ол чемпион атағынан айырылды, осылайша Мерхи ауыр салмақта WBA чемпионы атанды", – дейді ұйым.

Жаңалықтар
0