11:16 26 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Спорт
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Қазақстан бұл көрсеткішті одан әрі жақсарта алады. Футзал шеберлері 2020 жылғы әлем чемпионатының элиталық кезеңіне қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде төртінші орынға ие болды.

Футзалдан ұлттық құрамалардың рейтингінде Қазақстан 2097 ұпай еншілеп, үшінші орындағы Ресейден небәрі 1 ұпайға қалып тұр, деп жазды Prosports.kz.   

Қазақстан бұл көрсеткішін одан әрі жақсарта алады. Өйткені футзал шеберлері 2020 жылғы әлем чемпионатының элиталық кезеңіне қатысады. Қазақстан құрамасы "D" тобында Румыния, Словения және Чехиямен ойнайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық танымал футболшы допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілді 

Кездесулер 2020 жылдың 2-5 ақпанында Чехияның Брно қаласында өтеді. Жалпы, әлемдік рейтингте Испания көш бастап тұрса (2209), екінші орында – Португалия (2116) құрамасы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2002 жылға дейін Азия футбол конфедерациясында өнер көрсетсе, одан бері қарай УЕФА сапында ойнайды. Еуропа чемпионаттарына бес рет жолдама алды.

УЕФА футзал құрамаларының рейтингі:

  1. Испания – 2209,692 ұпай.
  2. Португалия – 2116,631.
  3. Ресей – 2098,095.
  4. Қазақстан – 2097,180.
  5. Сербия – 2007,570.

Тақырып бойынша

"Еліміз өзіңмен мақтанады!": Тоқаев Головкинді құттықтады
Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек
Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
"Олай шатастырмаңыз": Нығматулин министрдің сөзін түзетіп, сұрағын қайталап қойды
Тәуелсіздік айбыны: Көк туымыз қашан және қай жерлерде желбіреді – фото
Кілт сөздер:
рейтинг, Қазақстан, футзал
Загрузка...

Басты тақырып