Спорт

"Оңай жеңемін": Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды

© AFP 2024 / Yong Teck Lim Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы
 Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізіп, аргентиналық Гонсало Кориюны нокаутпен жеңген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA (Super) және WBC тұжырымдарының чемпионы Сауль Альваресті оп-оңай жеке алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Канелоны ешкім жеке алмайды деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Сіздер ұйықтап жатырсыздар. Өтінемін, ояныңыз. Мен оны оп-оңай жеңе аламын. 2021 жылы QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық", - деп жазды Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Шереметаны жеңген Головкиннің гонорары жарияланды

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы – WBO Global титулының иегері. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізді. Сол кезде Әлімханұлы аргентиналық боксшы Гонсало Кориюны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген.

 

Жаңалықтар
0