12:20 26 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Спорт
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Октагон төрінде сөзге келіп қалған Магомед Исмаилов пен Владимир Минеев арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде өтіп жатқан AMC Fight Nights Global Winter Cup турнирі кезінде орта салмақтағы AMC Fight Nights Global чемпионы Владимир Минеев пен орта салмақтағы АСА спортшысы Магомед Исмаилов төбелесіп қалды, деп хабарлайды ТАСС.

Октагон төрінде өзара сөзге келіп қалған спортшылар арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Ал оларды ажыратуға арнайы жасақтың араласуына тура келді. 

Екі спортшы да жарақат алып, мұрындарынан қан кеткен. Бұл туралы Исмаиловтың ағасы Рамазан Исмаилов хабарлады.

"Жекпе-жек ұйымдастыру қажет пе? Егер осындай мүмкіндік болса, Магомедтің мұрны сынып, қан кетпес еді. Минеев те жарақат алмаған болар еді", – деп мәлімдеді ол.

Исмаилов пен Минеев бұған дейін Fight Nights Global 90 турнирінде 2018 жылдың қазан айында кездескен. Сол кездегі жекпе-жек тең аяқталған.

Оқи отырыңыз: Каратэ турнирі кезінде жаппай төбелес болды – видео

Айта кетейік, 34 жастағы Исмаиловтың есебінде 17 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең ойын бар. Ал 30 жастағы Минеев 14 жеңіс пен бір жеңіліс және бір тең түскен нәтижеге ие.

Тақырып бойынша

ҚР чемпионатында хоккейшілер арасында жаппай төбелес болды
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес кезінде екі тұрғын көз жұмды: 11 адам ұсталды
Кілт сөздер:
спорт, жекпе-жек
Загрузка...

Басты тақырып