Спорт

Назарбаев Головкинді әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады

© Photo : Официальный сайт президента РКВстреча с чемпионом мира по боксу среди профессионалов по версиям WBC, WBA (Super), IBO Геннадием Головкиным
Встреча с чемпионом мира по боксу среди профессионалов по версиям WBC, WBA (Super), IBO Геннадием Головкиным - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев Головкиннің спорттағы жарқын жетістіктерін, мықты рухын және жеңіске деген жігерін қазақстандықтар мақтан ететінін жеткізді

АЛМАТЫ, 19 желтоқсан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты

Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жеткенін айтты.

"Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-ші рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын", - деп жазылған жеделхатта.

Назарбаев Головкиннің спорттағы жарқын жетістіктерін, мықты рухын және жеңіске деген жігерін қазақстандықтар мақтан ететінін жеткізді.

"Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістіктеріңе әлі талай сүйсінетін боламыз",  – деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0