Спорт

"Еліміз өзіңмен мақтанады!": Тоқаев Головкинді құттықтады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства Касым-Жомарт Токаев
Глава государства Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін қазақстандық боксшы орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғап, қарсыласы Камил Шереметаны жеңді

АЛМАТЫ, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді құттықтап, Twitter-дегі парақшасында жазба жариялады.

"Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!", - деп жазды мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, жерлес спортшы титулдық жекпе-жекте Камил Шереметаны тізе бүктірген болатын. Бірінші раундта Головкин жойқын соққымен қарсыласының жағдайын нашарлатты. Алайда Шеремета кездесуді жалғастырды.

Жекпе-жек барысында польшалық спортшы төрт рет нокдаунға түсті. Командасы жеті раундтан кейін жеңілісті мойындап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

Тағы оқыңыз: Головкин титулдарын қорғап, рекорд орнатты – жекпе-жек видеосы

Жаңалықтар
0