12:54 26 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Спорт
Қысқа сілтеме алу
459 0 0

Геннадий Головкин 18 желтоқсанда поляк спортшысы Камил Шереметамен кездеседі. IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы ортаға салынады

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин карьерасын аяқтағанға дейін Қазақстанда кездесу өткізуге байланысты мәлімдеме жасады.

"Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ой әрқашан болды. Алайда қазір пандемия екенін түсіну керек, шекаралар жабық. Негізі, мен әлемнің түрлі жерінде кездесу өткізгім келеді. Әрине, Қазақстанда жұдырықтасу керемет болар еді. Алдағы уақытта жағдай қалай болатынын көру керек", - деп жазады Sports.kz спортшының сөзіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, ол 18 желтоқсан күні Камил Шереметамен өтетін жекпе-жекке дайындық барысына да тоқталды.

"Қазіргі уақытта жаттығу залындағы физикалық дайындығым, жылдамдық, күш және шыдамдылығым осыдан 5 жыл бұрынғы жағдайымнан кем емес. Қазір, әлдеқайда мықтырақ болдым деп ойлаймын", - деді боксшы.

Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы титулын рекордтық, яғни 21-ші рет қорғайтынын атап өтті.

"Бұл мен үшін тарихи жекпе-жек. Болашақта бұл орта салмақ үшін тарихи кездесу екенін көптеген адам түсінеді деп ойлаймын. Рекорд орнату керемет сезім", - деді спортшы.

Геннадий Головкин 18 желтоқсанда (Қазақстанда 19 желтоқсан таңертең) поляк спортшысы Камил Шереметамен кездеседі. IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы ортаға салынады.

Тақырып бойынша

Головкин Елеусіновті неге құттықтаған жоқ – боксшының менеджері өз болжамын айтты
Серік Сәпиев неліктен Головкиннің көмегінен бас тартқанын айтты   
"Мәселе тек жасында емес": Головкиннің денсаулығы алаңдаушылық тудырды
Геннадий Головкин жағажайдағы жаттығуын көрсетті – видео 
Головкин – Шеремета жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды
Кілт сөздер:
мәлімдеме, жекпе-жек, Головкин
Загрузка...

Басты тақырып