Спорт

Белгілі қазақстандық комментатор өмірден өтті

© Sputnik / Абзал КалиевГүл шоқтары
Гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында қайтыс болды, ақпарат және қоғамдық даму министрі марқұмның жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елге әйгілі спорт журналисі әрі комментатор, алматылық "Қайраттың" ардагері Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров хабарлады.

"Спорт журналистикасының мэтрі арамыздан кетті. Бүгін таңертең Диас Омаров дүниеден озды", - деді Ілияс Омаров.

© Photo : Казахстанская федерация футболаБелгілі спортшы әрі комментатор Диас Омаров
Белгілі қазақстандық комментатор өмірден өтті - Sputnik Қазақстан
Белгілі спортшы әрі комментатор Диас Омаров

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Бүгін қазақ журналистикасы тағы бір жарық жұлдызынан айырылды. Сексенге қараған шағында елге әйгілі спортшы, атақты футбол комментаторы Омаров Диас Ілиясұлы дүниеден өтті. Бүкіл саналы ғұмырын спортқа арнап, спорт журналистикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Диас Ілиясұлының өнегелі өмірі барша журналистер қауымына үлгі болып қалады", - деп жазды министр желіде.

Тағы оқыңыз: Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды

Қазақстанның футбол федерациясы да Омаровтың жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Диас Омаров 1940 жылы 20 қазанда дүниеге келген.

1959-1964 жылдар аралығында алматылық "Қайрат" командасында ойнады.

1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан "Хабар" арнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0