Спорт

Эдди Хирн Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді

© AFP 2024 / MARK RALSTON /Архивное фото Геннадия Головкина
Архивное фото Геннадия Головкина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин кәсіпқой боксқа ауысқалы Қазақстанда бір ғана жекпе-жек өткізген. 2010 жылы 16 желтоқсанда елордада панамалық Нильсон Хулио Тапианы нокаутқа түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек жайлы соңғы жаңалықтарды бөлісті, деп жазды Prosports.kz.

Эдди Хирннің айтуынша, Головикн мен міндетті қарсылас Шеремета арасындағы кездесу 11 сәуірде өтуі мүмкін. Бірақ бұл әлі нақты емес. Бұған дейін жекпе-жек 29 ақпанда, кейінірек 28 наурызда өтеді делінген. Кейін аталған күндерде GGG жекпе-жек өткізбейтіні белгілі болды.

"Бұл мүмкіндікті біз егжей-тегжей қарастырып жатырмыз, бірақ әлі түпкілікті шешілген жоқ. Әрі осы жекпе-жектің Қазақстанда өтуі де ғажап емес", - дейді Matchroom Boxing басшысы. 

Айта кетейік, Головкин кәсіпқой боксқа ауысқалы Қазақстанда бір ғана жекпе-жек өткізген. 2010 жылы 16 желтоқсанда астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде Панама боксшысы Нильсон Хулио Тапианы (15-3-1, 11 KO) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын бірінші рет қорғаған.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысының әкімі Головкинге қандай уәде берді? 

Бұған дейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда бұл жекпе-жек 28 наурызда өтпей қалуы мүмкін екені айтылды. Сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мамыр айында өтуі мүмкін деп отыр.

 

Жаңалықтар
0