Спорт

Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды

© REUTERS / Joe CamporealeГеннадий Головкин - Сергей Деревянченко
Геннадий Головкин - Сергей Деревянченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық танымал боксшының алдағы жекпе-жегі Чикаго қаласында өтуі мүмкін. Қазіргі таңда Геннадий Головкин Калифорния штатындағы SNAC System жаттығу залында дайындалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық боксшы Камил Шереметпен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Boxingscene.com порталының хабарлауынша, боксшылар арасындағы жекпе-жек 28 наурыз күні АҚШ-тың Иллинойс штаты Чикаго қаласында өтуі мүмкін. Ал кейбір дереккөздері кездесудің сәуір және мамыр айларынан кейін өтуі ықтимал екенін хабарлайды.

Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Қазіргі таңда Геннадий Головкин Калифорния штатындағы SNAC System жаттығу залында дайындалып жатыр. Жаттығу 10 күнге созылады. Қазақстандық боксшыны америкалық Джонатон Бэнкс жаттықтырады.
Жаңалықтар
0