Спорт

Қазақ күресінен әлем чемпионаты: жеңімпаздардың есімдері белгілі болды

© Sputnik / Дәурен ЕрболатҚазақ күресінен әлем чемпионаты: жеңімпаздардың есімдері белгілі болды
Қазақ күресінен әлем чемпионаты: жеңімпаздардың есімдері белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада өтіп жатқан қазақ күресінен VIII әлем біріншілігіне 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақ күресінен VIII әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде жалғыз қазақ балуаны жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының атқарушы директоры Талғат Мәзібаевтың айтуынша, VIII әлем біріншілігінде 28 елдің балуандары боз кілемде бақ сынайды. Олардың ішінде дзюдо, еркін күрес сынды спорт түрлерінен чемпион атанған спортшылар да бар.

"Өзбекстан, Грузия, Моңғолия, Латвия, Беларусь командаларының құрамында Олимпиада ойындарына қатысқан әрі самбодан бірнеше дүркін чемпион атанған спортшылар бар. Жүлде қоры – 70 мың АҚШ доллары. Бұл ақша жеңімпазға және жүлделі орынға ие болған спортшыларға бөліп беріледі. Демеушілер бүкіл елден келген балуандардың келіп-кету шығынын өз мойнына алды", - дейді ол.

Жарыстың бірінші күнінде әйелдер 55, 60, 65 келі салмақ дәрежесінде кім мықтыны анықтаса, ерлер 60, 70, 80 келі салмақта боз кілемде белдесті. Қазақ қыздары шешуші сәттерде қарсыластарына есе жіберіп, бірінші орынды иелене алмады, дегенмен үздік үштіктен көрінді. Ал ерлер арасында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медалді 60 келіде Архат Қайырбеков сыйлады. Ол финалда моңғолиялық Амарсанаа Хатансайханнан айласын асырды.

Жеңімпаздар тізімі

Қыздар арасында

55 келі салмақ

  • 1-орын Зарина Абдурахманова (Түрікменстан)
  • 2-орын Анара Рысқұлова (Қырғызстан)
  • 3-орын Мария Лиатири (Грекия)

60 келі салмақ

  • 1-орын Ганцэцэг Ганболд (Моңғолия)
  • 2-орын Мейірім Момынова (Қырғызстан)
  • 3-орын Толғанай Әбеуова (Қазақстан)

65 келі салмақ

  • 1-орын Джульетта Докулава (Грекия)
  • 2-орын Мархабат Қуатбек (Қазақстан)
  • 3-орын Изабель Кристова (Болгария)

Ерлер арасында

60 келі салмақ

  • 1-орын Архат Қайырбеков (Қазақстан)
  • 2-орын Амарсанаа Хатансайхан (Моңғолия)
  • 3-орын Вахтанг Чидрашвили (Грузия)

70 келі салмақ

  • 1-орын Навруз Каримзод (Тәжікстан)
  • 2-орын Миндия Лилуашвили (Грузия)
  • 3-орын Энхтайван Энхболд (Моңғолия)

80 келі салмақ

  • 1-орын Хамроз Ражабов (Тәжікстан)
  • 2-орын Бекзат Манасбаев (Қазақстан)
  • 3-орын Исломиддин Киомидинов (Өзбекстан).

Айта кетейік, ертең де ерлер мен қыздар "Дәулет" спорт кешенінде үш-үш салмақтан өзара мықтыны анықтайды. Жарыстар UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өтіп жатыр.

Қазақ күресінен VIII әлем чемпионатын біріккен күрес әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ұйымдастырды.

 

Жаңалықтар
0