Өңірлер

Қарағанды облысының әкімі Головкинге қандай уәде берді?

© Photo : Жеңіс Қасымбектің Facebook парақшасыЖеңіс Қасымбек пен Геннадий Головкин
Жеңіс Қасымбек пен Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңіс Қасымбек пен Геннадий Головкин кездесіп,  Қарағанды облысында спорт саласын дамыту жайын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті. Бұл туралы өңір басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.   

"Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды. Бірге отырып Қарағанды облысында спорт саласын дамыту жайын талқыладық", - деп жазды ол.

Қасымбектің айтуынша, Геннадий ерекше қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұраған.

"Келесі жылы атақты "Литейщик" стадионын қалпына келтірумен айналысуға және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткізуге уәде бердім", - деп атап өтті облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Кеше біртүрлі жағдай болды – Деревянченконың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды 

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 2020 жылдың ақпаны немесе наурызында өтеді деп жоспарланып отыр. Қарсыласы поляк Камил Шеремета болуы мүмкін. GGG отанына ұшып келерден бұрын Италияға барып, "Ювентустың" жұлдызды ойыншысы Криштиану Роналдумен кездесті.

Жаңалықтар
0