Спорт

Ахмедов аргентиналықты әбден ұрып-соғып, ақыры жойқын нокаутқа жіберді - видео

© Photo : prosports.kzСадриддин Ахмедов
Садриддин Ахмедов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңілмеген 21 жастағы қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) қарсыласы аргентиналық Хосе Вильялобосты жойқын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Монреалда (Канада) Ахмедов Давид Лемье — Максим Бурсак бокс кешінің андеркардында аргентиналық Хосе Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) жұдырықтасты. Қазақстандық қарсыласын рингте әбден ұрып-соғып, ақыры жетінші раундта жойқын нокаутқа түсірді.

Осылайша, жеңілмеген 21 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Он жекпе-жекті ол нокаутпен аяқтаған.

Ал қарсыласы аргентиналық Вильялобос алтыншы рет жеңіліп отыр.

Жаңалықтар
0