Спорт

Емельяненко бокс ережесімен Ресейдің ең мықты адамын нокаутқа түсірді – видео

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАлександр Емельяненко
Александр Емельяненко  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеудегі бокс кешінің басты жекпе-жегі нокаутпен аяқталды. Супер ауыр салмақтағы Емельяненко қарсыласынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Емельяненко кәсіпқой бокс ережесі бойынша өзінің отандасы Михаил Кокляевке қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Спортшылардың кездесуі Мәскеудегі бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Кокляев пауэрлифтингпен шұғылданады – 2005 жылы ол Ресейдің ең күшті адамы атанған.

Cпортшы құлап бара жатып, қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

Супер ауыр салмақтағы төрт раундтық жекпе-жекте Емельяненко нокаутпен жеңіске жетті. Кездесудің видеосын төменде көруге болады.

Александр кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіске жетіп отыр, бұған дейін 2009 жылы бір ғана жекпе-жек өткізген, ол кезде төрешілердің шешімімен тең түсті – оның қарсыласы Хизир Пилев болды (2-0-1, 1 КО) болды. Спортшының ММА-дегі рекорды – 28-7-1.   

Жаңалықтар
0