Спорт

Қазақстандық пен ресейлік арасындағы жекпе-жек төбелеспен аяқталды - видео

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтуМассовая драка, архивное фото
Массовая драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу Қазақстан азаматының жеңісімен аяқталды. Оның қарсыласы төрешілердің шешіміне шағымдануға тырысты. Оқиғаның немен аяқталғанын видеодан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Сочиде аралас жекпе-жектен өткен ММА Fight Nights Global 95 турнирінде жаппай төбелес шықты. Оқиға ресейлік Али Багаутинов пен қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың кездесуінен кейін болған.

Төрешілердің басым даусымен жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті, деп хабарлайды championat.com.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ярослав Степанов (@1yaroslav.stepanov1)

Ресейлік спортшының тарапы төрешілердің бұл шешіміне шағымдануға әрекет жасайды. Осы жағдайдан кейін қос команда өкілдерінің арасында төбелес басталып кеткен.

Атап өтсек, Қазақстан азаматы бұған дейін 13 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Ал Багаутинов үшін бұл карьерасындағы жетінші жеңіліс, ол 19 рет жеңіске жеткен.

© Photo : Предоставлено организаторамиЖалғас Жұмағұлов
Қазақстандық пен ресейлік арасындағы жекпе-жек төбелеспен аяқталды - видео - Sputnik Қазақстан
Жалғас Жұмағұлов

Осыған дейін де MMA кездесуінен кейін шу шыққан болатын. Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жектен кейін төбелес болды. Жанжалдан кейін спортшылар ұзақ уақытқа жарыстан шеттетілген еді.

Жаңалықтар
0