Спорт

Деревянченко Головкиннің соққысының салдары ауыр болғанын мойындап таңғалдырды  

© REUTERS / Joe CamporealeГеннадий Головкин - Сергей Деревянченко
Геннадий Головкин - Сергей Деревянченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сергей Деревянченко жекпе-жектің басында нокдаунға түскеннен кейін бірден есін жиғанын атап өтті. Ол үшін басты проблема қабағының жарылып кетуі болған

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Украиналық боксшы Сергей Деревянченко орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулы үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілуіне қатысты тағы да пікір білдірді, деп хабарлады Sports.kz. 

Естеріңізге сала кетейік, украиналық ширақ көрінген, бірақ бірінші раундта нокдаунға түсіп, қабағы жарылып кеткен жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан танымал қазақстандық боксшыға берген еді – 114:113, 115:112, 115:112.

Тағы оқыңыз: Головкиннің жанкүйерлерінен не жасырғаны белгілі болды

Сергей Деревянченконың айтуынша, жекпе-жектің басында нокдаунға түскеннен кейін бірден есін жиған. Ол үшін басты проблема қабағының жарылып кетуі болған, өйткені жекпе-жек кезінде қарсыласының соққыларына жауап қайтаруына қан кедергі келтіріпті.    

"Нокдаун болған кезде, соққы жасауға әрекет жасап жатыр едім, оның жұдырығы желкеме тиді. Бірақ орнымнан тұрғанда өзімді сергек сезіндім.

Екінші раундта еңкейе бергенімде, Головкиннің апперкотына тап болдым. Жарақат келтірген бұл соққыны сездім. Содан кейін қан ара-тұра көзіме құйылып жатты, соның кесірінен тікелей және жанама соққыларды көрмедім. Мені дәрігерлерге апарған кезде, олар кездесуді тоқтатып тастайтын болды-ау деп алаңдадым.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін жеңісті маған береді деп үміттенген едім. Мен көп соққы жасадым, бірақ Геннадий олардың бәріне қарсы тұрды.

Реванш жөнінде ештеңе білмеймін, алдағы нәтижелерді күтеміз. Мен Головкиннің Альвареспен жұдырықтасып, белбеуге таласқысы  келетінін білемін. Егер жанкүйерлер қаласа, реванш өтуі мүмкін", - деді Деревянченко IFL TV-ға берген сұхбатында.

 

Жаңалықтар
0