14:39 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Спорт
Қысқа сілтеме алу
265220

Қазақстандық боксшы жартылай финалда әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді, енді Нұрдәулетов "алтынға" таласады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында 22 жастағы қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Екатеринбург қаласында бокстан әлем біріншілігінде жартылай финалдық жекпе-жектер өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

81 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін 22 жастағы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиада чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы Хулио Ла Круспен жұдырықтасты. Қос боксшының жекпе-жегі өте тартысты өтті. Тіпті, қазақстандық боксшының дөп тигізген жойқын соққысынан кубалықтың аузындағы капасы ұшып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Отандасымыз төрешілер шешімімен сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

Осылайша Нұрдәулетов финалға жолдама алды, ал кубалық боксшы қола жүлдегер атанды.

Загрузка...

Басты тақырып