Спорт

Қазақстан Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Ресейден ұтылып қалды - видео

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуАлександр Головин в отборочном матче чемпионата Европы по футболу 2020 между сборными командами России и Казахстана
Александр Головин в отборочном матче чемпионата Европы по футболу 2020 между сборными командами России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан футболшылары бүкіл матч бойы қорғаныста болып, 89-шы минутта ғана бір гол жіберіп алды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында Калининградта Ресей құрамасына қарсы ойнады. Кездесу 1:0 есебімен ресейліктердің пайдасына шешілді.

Бірінші таймда алаң иелері басымдыққа ие болғанымен, Қазақстан құрамасы бар күшімен қорғаныста жатты. Ойынның бірінші жартысының нәтижесі – 0:0. Екінші таймда ресейліктер біраз қысым көрсетті: ойыншыларды кезек-кезек айырбастап, алыстан соққы жасай бастаған, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Тағы оқыңыз: Калининградта жанкүйерлер Қазақстан құрамасына тосынсый жасады - видео

Ресейліктер 89-шы минутта ақыры гол соқты. Допты қақпаға дәл түсірген – қорғаушы Марио Фернандес. Есеп - 1:0.

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуРесей командасының ойыншылары жеңіс голын тойлап жатыр
Қазақстан Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Ресейден ұтылып қалды - видео - Sputnik Қазақстан
Ресей командасының ойыншылары жеңіс голын тойлап жатыр

Сонымен, I тобында алты ойыннан кейін Белгия құрамасы 18 ұпай жинап, көш бастап тұр. Екінші орында Ресей командасы келеді (15 ұпай), үшінші орын қазақстандықтарға тиесілі (7 ұпай), төртінші орында – Кипр (7). Шотландия құрамасы (6) бесінші орында, топта ең соңғы орынды иеленген – Сан-Марино (0) командасы.

Жаңалықтар
0