Спорт

UFC тарихындағы рекордтық сома: жекпе-жегі үшін Хабибке қанша төледі?

© Photo : ReutersХабиб Нурмагомедов одолел Дастина Порье
Хабиб Нурмагомедов одолел Дастина Порье - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу аяқталған соң Хабиб өзінің жейдесін сатып, ақшаны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмагомедов америкалық Дастин Порьемен өткізген кездесуі үшін UFC тарихындағы рекордтық соманы алады.

Нұрмагомедов өзінің қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Енді ол алты миллион доллар алады. Мұның үстіне спортшыға медиа шараларға қатысқаны үшін қосымша 40 мың доллар төленеді.

Сондай-ақ, Хабибке тікелей трансляциялардан қаражат түседі. Спортшыға UFC тарихындағы рекордтық сома төленіп отыр.

​Бұл Нурмагомедовтің 28-ші жеңісі, ал америкалық "Гауһар" Порье алтыншы рет жеңіліс тапты, ол 25 жекпе-жекті жеңген.

Жаңалықтар
0