Спорт

Ресей — Қазақстан: Еуро-2020 іріктеу матчын қашан және қайдан көруге болады

© Photo : Казахстанская федерация футболаИгроки сборной Казахстана по футболу во время тренировки
Игроки сборной Казахстана по футболу во время тренировки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Калининград" стадионында өтетін Қазақстан мен Ресей құрамаларының матчына билеттердің барлығы дерлік  сатылып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Еуропа 2020 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қонақта Ресей командасымен кездеседі.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен қыркүйектің 9-ынан 10-ына қараған түні сағат 00:45-те өтеді, Qazsport арнасы тікелей трансляцияны көрсетпек.

Тағы оқыңыз: "Қазақстан - Ресей" іріктеу матчы: жанкүйерлер Балтық жағасында демалатын болады

Кездесу 35 мыңнан астам көрерменге арналған "Калининград" стадионында болады. Матч аншлагпен өтеді деп жоспарланған.

РИА Новости Ресей футбол одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, мыңға жуық билет әлі сатылымда.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек нәтижеге ықпал ететін біраз құпияны ашты.

"Ресей құрамасының Шотландиядағы ойынын көрдік, ресейліктер алаңның ортасында доптан айырылса да, қайта тартып алатынын байқадық. Асығыстық жасап, қателік жібермеуге тырысамыз. Бірақ қорғаныста ғана жатпай, реті келгенде шабуылға шығып, ұтымды сәтті пайдалануға талпыныс жасаймыз", - деді Билек тілшілерге.

Ресей құрамасы I тобында 12 ұпаймен екінші орында тұр. Бірінші орында - Бельгия құрамасы, ал Қазақстан 7 ұпаймен үшінші орында.

Бұған дейін Қазақстан Кипр командасымен теңбе-тең ойнаған болатын, есеп – 1:1.

Жаңалықтар
0