Спорт

Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас спортшы жілік майы дертіне шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. "Тобыл" клубы мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Николай Жуков 26 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы қостанайлық команданың ресми сайтында хабарланды.

© Photo : Сайт ФК "Тобол"Қостанайлық клубтың экс-ойыншысы Николай Жуков 25 жасында көз жұмды
Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Қостанайлық клубтың экс-ойыншысы Николай Жуков 25 жасында көз жұмды

Соңғы кездері Николай жілік майы дертімен күресті. 31 тамыз күні кешке футболшының жүрегі тоқтады.

Тағы оқыңыз: 24 жастағы екі дүркін Қазақстан чемпионы көз жұмды

"Николай Жуков бірнеше маусымды "сары-жасылдардың" қосалқы құрамында өткізді. Қазақстанның жастар құрамасында болды. "Тобыл" футбол клубы Николайдың отбасына, жақындары мен достарына қайғырып көңіл айтады", - делінген қазанамада.

"Тобылдың" экс-ойыншысына үш жыл бұрын қан қатерлі ісігі деген диагноз қойылған.   

Жаңалықтар
0