Спорт

Елеусінов бірде-бір рет жеңілмеген боксшымен жекпе-жек өткізеді

© Photo : Казахстанская федерация боксаБоксер Данияр Елеусинов
Боксер Данияр Елеусинов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рио Олимпиадасының жеңімпазы 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында шаршы алаңға шығады

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалық Решард Хиксонға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы кездесудің анонсын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу 13 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласындағы "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында өтеді. Жекпе-жек 9 раундтан тұрады.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы – 34 жастағы америкалық боксшы Решард Хикс.

Тағы оқыңыз: Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты

13 қыркүйек күні "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында өтетін бокс кешінің ең басты жекпе-жегі – америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаевтың арасында өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері осы жылдың мамыр айында төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнды жеңген болатын.

Жаңалықтар
0