Спорт

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне кім кедергі болғаны анықталды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsБой Головкин - Альварес
Бой Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Golden Boy промоутерлері үшінші жекпе-жекті 14 қыркүйекте өткізуге уәде беріп қойғанына қарамастан, Альварес оған келіспеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Америкалық журналист әрі инсайдер Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе- жегін қыркүйекте өткізуге кім қарсы болғанын мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz.

"Канело" мамырда Джейкобсты жеңгеннен кейін, жұрт мексикалық қыркүйекте Головкинмен үшінші рет кездеседі деп күткен еді. Белгілі болғандай, "Канелодан" басқаның бәрі солай ойлапты. Альварестің Головкинмен бас араздығы бар, ол оған әзірге реванш өткізу мүмкіндігін бергісі келмей отыр",- деп атап өтті Коппинджер

Оның айтуынша, Golden Boy промоутерлері DAZN компаниясына үшінші жекпе-жекті 14 қыркүйекте өткізуге уәде етіп қойғанына қарамастан, мексикалық бұған келісім бермеген.

"Осыған байланысты Golden Boy Ковалевпен жекпе-жек өткізу үшін Main Events-пен келіссөздерді бастады", - деп толықтырды инсайдер.  

Тағы оқыңыз: Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты 

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі тең аяқталып, екінші кездесуде төрешілер жеңісті Альвареске берген болатын. 

Жаңалықтар
0