Спорт

Головкин "Канелоны" жекпе-жекке шақырды - мексикалық күтпеген жауап берді

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин мен Стив Роллс
Геннадий Головкин мен Стив Роллс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Стив Роллсты жеңген қазақстандық боксшы "Канелоны" жекпе-жекке шақырған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшыға "күтпеген" жауап қайырды.

Стив Роллсты жойқын нокаутпен жеңген GGG сұқбат барысында қыркүйекте "Канеломен" жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты.  

DAZN-ның ресми Instagram аккаунтында жарияланған бұл видеоға Альварес ішек-сілесі қатып, күліп тұрған белгі жіберген.

Мексикалықтың промоутері Оскар де ла Хойя Головкинге, алдымен, күші өзімен тең қарсыласпен жұдырықтасуға кеңес берді. Тек содан кейін бірақ "Канеломен" кездесу туралы ойлануға болатынын жеткізді.

Ал қазақстандық боксшы болса, Оскардың бұл мәлімдемесін "хайп" деп атады. "Ол тым көп сөйлейді" деп түйді өз ойын.

Жаңалықтар
0