Спорт

Голливудтың танымал актері Головкин туралы фильм түсірді

© AFP 2024 / MARK RALSTONГеннадий Головкин, архивтегі фото
Геннадий Головкин, архивтегі  фото   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин 40 күн түсірілім тобымен бірге болғанын хабарлады 

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Голливуд актері Марк Уолберг қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің DAZN-дағы өмірі жайлы фильм түсірді, деп хабарлады Prosports.kz сайты. 

Тағы оқыңыз: Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды 

Актердің өзі қазақстандық боксшының жанкүйері екенін айтқан болатын. 

"40 күн жаттығу алаңында таңертеңнен кешке дейін түсірілім тобымен бірге болдық. Бокс жанкүйерлері Бэнкс екеуміздің Мэдисон Сквер Гарденда өтетін жекпе-жекке дайындығымызды көреді", — деді Головкин. 

Айта кетейік, Головкин 9 маусымда Нью-Йорк қаласында канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады.

Жаңалықтар
0